Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 30.09.2020 № 3380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі туралы" 2012 жылғы 28 маусымдағы № 1609 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2712 тіркелген, 2012 жылдың 15 қарашасында "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 23-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |