Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 3380 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қазанда № 7625 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 9-тармағына және 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 1609 "Жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2712 тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашада "Өскемен" газетінде жарияланған);

      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 13964 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 1609 "Жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4290 тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланған).

      2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобль жолдары" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар
      "КЕЛІСІЛДІ":
"Шығыс Қазақстан облысының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Жумадилов
      "Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің Шығыс
Қазақстан облысы
Полиция департаментінің
Өскемен қаласының Полиция
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің патрульдік полиция
батальонының бастығы
Р. Магадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады