РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Өскемен қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 16 қазандағы № 543/01-08 ұсынымның негізінде Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Самсоновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай учаскеде орналасқан "Айка" шаруа қожалығының аумағында ірі-қара малдың бруцеллезі ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.М. Исқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |