РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ортақ пайдаланудағы жерлерде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар туралы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі | Н. Нұрғалиев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Курчатов қалалық аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрағасы | С. Смағулов |
"17" наурыз 2015 жыл
Курчатов қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "17" наурыздағы № 88 қаулысына қосымша |