РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "28" желтоқсан № 1328 қаулысымен бекітілген |
"Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Риддер қаласының сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
4. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзірет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
8. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Қонаев көшесі, 40, индексі 071300.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Мемлекет Риддер қаласының жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
11. Осы Ереже "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Риддер қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
14. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеті: Риддер қаласы аумағында сәулет; қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру.15. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары:
1) толыққанды тiршiлiк ету ортаны қалыптастыру мақсатына сәулеттiк және қала құрылысы шешiмдерiн әзiрлеу мен iске асыру және Риддер қаласы аумағын сәулеттiк-қала құрылыстық дамыту мен ағымдағы және болашағы бар әлеуметтiк-экономикалық кешендi мiндеттердi шешуге бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
2) жаңа және ескi құрылысты жобалау кезiнде қаланың сәулеттiк келбетiнiң сақталуын ескерумен кешендiлiктi қамтамасыз ету;
3) жерлердi, табиғи және материалдық ресурстарды тиiмдi және үнемдi пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қала құрылысының жаңа ұстанымдары мен тәсiлдерiн енгiзу;
4) қаланың елді мекендерінде қоғамдық орталықтар, алаңдар, көшелер, жаяу жүргiншiлер аймақтары, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық кешендердiң аяқталған сәулеттiк ансамбльдерiн құру.
16. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну үшін әзірлеуді ұйымдастыру;
3) қалалық мәслихатқа енгізу үшін тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп - ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
5) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер береді;
6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын іске асыру;
7) жер учаскелерін таңдауға қатысу, ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін беру және алып қою бойынша ұсыныстар енгізу;
8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар әзірлеу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
12) объектілерді жобалау мен құрылысын салуға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;
13) жобалау құжаттамаларын сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы тарапына сәйкестігін келісімдеу;
14) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды әзірлеу;
16) мекенжайларды беру және оларды "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесіне тіркеу, оларды өзгерту және жою;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылысты жобалау құжатынсыз (жобалау-сметалық) немесе жеңіл эскиздік жобалармен рұқсат берілетін объектілерді орналастыруды келісімдеу;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлме-жайлар немесе құрылыстарды өзгертуге техникалық күрделі емес топтарға жатқызу шешімдерді қабылдау;
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында олармен азаматтық құқықты жүзеге асыру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау және құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
17. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгілген талаптарды сақтай отырып мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, мекеменің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілген тиісті мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға мекеме қызметінің саласына қатысты ұсыныстар беру, өз құзыреті шегінде олардың орындалуын бақылау;
3) әкімдіктің қарауына мекеменің құзыретіне қатысы бар сұрақтар, ұсыныстар, ақпараттар, жоба шешімдерін енгізу;
4) мемлекеттік органдарымен өткізілетін мекеменің құзыреті мәселелеріне қатысты мәжілістерде, жиналыс пен кеңестерге қатысу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметтік жүзеге асыру;
6) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулер мен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.
3. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты оның бірінші басшысы жүзеге асырады.19. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Риддер қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
5) "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін қорғайды;
7) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі қала әкімдігімен тапсырылған мүлік есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.