Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 26.06.2017 № 12/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 21 қарашадағы Абай аудандық мәслихатының № 8-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2012 жылғы 23-31 желтоқсанда "Абай елі" газетінің № 48 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы";
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Нұғымаров |
Мәслихат хатшысы | Т. Аманғазы |
Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 26/2-V шешіміне қосымша |
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық-қызметтер көрсету ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледі.
Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (бұдан әрі – уәкілетті орган) табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлер ұсынған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.
Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаменті ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады.
Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін уәкілетті орган көрсетеді.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ХҚКО) немесе "электронды үкімет" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
6. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
7. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер алдыңғы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
8. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан тәуелсiз жылына бiр рет тоқсанға тағайындалады.
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-іне дейін қабылданады.
10. Тұрғын үй көмегі көрсетілмейді:
1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда: бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды, мүгедек топтары жоқ туберкулез, онкологиялық, психоневрологиялық диспансерлерінде тіркеуде тұрған тұлғалар;
3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жоқ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген.
11. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
12. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.
13. Жылу энергиясын тұтынуды үйге ортақ есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары шегінде анықталады.
14. Үйлерде орталықтандырылған жылыту болмаған жағдайда жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары және ыстық сумен қамтамасыз етуге белгіленген тарифтер шегінде есептеледі.
15. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сол уақыт кезеңіне сәйкес белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
16. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
1) өтініш беруші заңды некеде тұрса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тұрғын үй көмегі тағайындалады;
2) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда – баланың ата-анасының табыстары есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз уәкілетті органның шешімі болып табылады.
18. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.
Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапты болады.
19. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегiнің сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық
қызметтерді тұтыну нормативтері
20. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарды, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
21. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 10 % мөлшерiнде белгiленедi.
22. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:
1) алаңдар:
жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға – 30 шаршы метр ;
2 адамнан тұратын отбасына – 30 шаршы метр;
3 адамнан тұратын отбасына – 38,52 шаршы метр;
4 және одан артық тұратын отбасына – әрбір адамға 15 шаршы метр, бірақ 38,52 шаршы метр көп емес;
2) газ шығыны – жер үй құрылыстарында тұратын отбасылар үшін – айына 1 (бір) баллон;
3) бiр айға электр энергиясын тұтыну:
1 адамға – 70 кВт;
2 адамға – 140 кВт;
3 және одан артық адамға – 210 кВт;
4 және одан артық адамға – 280 кВт;
4) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
23. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
5. Қорытынды ережелер
24. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.