РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Глубокое ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Глубокое ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | А. Бекбосынов |
Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы " 03 " сәуір № 173 қаулысымен бекітілді |
"Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Глубокое ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласына басшылықты жүзеге асырады.2. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Ауыл шаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Ауыл шаруашылығы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 6.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Глубокое ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
12. Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қаржыландыру Глубокое ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. Ауыл шаруашылығы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Ауыл шаруашылығы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. Ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы: Глубокое ауданының аумағында ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.16. Ауыл шаруашылығы бөлімінің міндеттері:
1) ауылда экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын орындауды ұйымдастыру мен іске асыру және осының негізінде аграрлық сектордың әлеуетін, оның даму үрдісін анықтау;
2) нарықтық инфрақұрылымды, нарық түріндегі ұйымдастыру құрылымын қалыптастыруға көмек көрсету, бірыңғай қаржы-инвестициялық саясат пен есепті жүргізу;
3) жеке меншік негізінде ауылда әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық шаруашылық жүргізу нысандарының дамуы мен қалыптасуына көмек көрсету.
17. Ауыл шаруашылығы бөлімінің функциялары:
1) Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін осы Заңға және осы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамыту мониторингін дайындау және жүргізу;
4) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар саласындағы оперативтік ақпараттарды жинауды жүргізеді;
5) "Агроөнеркәсіп кешенінің үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
6) Глубокое ауданында азық-түлік тауарларының қорын есепке алуды жүргізу және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;
7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18. Ауыл шаруашылығы бөлімінің құқықтары мен міндеттері:
1) ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметшілерін қатыстыру;
3) ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. Ауыл шаруашылығы бөлімін басқару ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.20. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Глубокое ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
22. Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметшілерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) ауыл шаруашылығы бөлімі қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ауыл шаруашылығы бөлімінің мүддесін білдіреді;
6) Глубокое ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде ауыл шаруашылығы бөлімінің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Ауыл шаруашылығы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Ауыл шаруашылығы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Ауыл шаруашылығы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылығы бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.