"Глубокое ауданының ауыл шарушылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 173 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 мамырда № 3926 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 159 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 159 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Глубокое ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Глубокое ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданының әкімі А. Бекбосынов

  Глубокое ауданы әкімдігінің
2015 жылғы " 03 " сәуір
№ 173 қаулысымен бекітілді

"Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Глубокое ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласына басшылықты жүзеге асырады.
      2. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Ауыл шаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Ауыл шаруашылығы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 6.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Глубокое ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
      12. Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қаржыландыру Глубокое ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Ауыл шаруашылығы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Ауыл шаруашылығы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы: Глубокое ауданының аумағында ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      16. Ауыл шаруашылығы бөлімінің міндеттері:
      1) ауылда экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын орындауды ұйымдастыру мен іске асыру және осының негізінде аграрлық сектордың әлеуетін, оның даму үрдісін анықтау;
      2) нарықтық инфрақұрылымды, нарық түріндегі ұйымдастыру құрылымын қалыптастыруға көмек көрсету, бірыңғай қаржы-инвестициялық саясат пен есепті жүргізу;
      3) жеке меншік негізінде ауылда әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық шаруашылық жүргізу нысандарының дамуы мен қалыптасуына көмек көрсету.
      17. Ауыл шаруашылығы бөлімінің функциялары:
      1) Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін осы Заңға және осы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамыту мониторингін дайындау және жүргізу;
      4) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар саласындағы оперативтік ақпараттарды жинауды жүргізеді;
      5) "Агроөнеркәсіп кешенінің үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      6) Глубокое ауданында азық-түлік тауарларының қорын есепке алуды жүргізу және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;
      7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      18. Ауыл шаруашылығы бөлімінің құқықтары мен міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметшілерін қатыстыру;
      3) ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Ауыл шаруашылығы бөлімін басқару ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Глубокое ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      22. Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметшілерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) ауыл шаруашылығы бөлімі қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ауыл шаруашылығы бөлімінің мүддесін білдіреді;
      6) Глубокое ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде ауыл шаруашылығы бөлімінің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Ауыл шаруашылығы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Ауыл шаруашылығы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Ауыл шаруашылығы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылығы бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Ауыл шаруашылығы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о Государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства Глубоковского района"

Постановление Глубоковского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 03 апреля 2015 года № 173. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 05 мая 2015 года № 3926. Утратило силу - постановлением акимата Глубоковского района Восточно-Казахстанской области от 11 мая 2016 года № 159

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Глубоковского района Восточно-Казахстанской области от 11.05.2016 № 159.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" Глубоковский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства Глубоковского района".
      2. Настоящие постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Глубоковского района А. Бекбосынов

  Утверждено
постановлением акимата
Глубоковского района
от " 03 " апреля 2015 года
№ 173

Положение о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства Глубоковского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Глубоковского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет руководство в сфере сельского хозяйства на территории Глубоковского района.
      2. Отдел сельского хозяйства осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением
      3. Отдел сельского хозяйства является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел сельского хозяйства вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел сельского хозяйства имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел сельского хозяйства по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя отдела сельского хозяйства и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности отдела сельского хозяйства утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 070500, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Глубоковский район, поселок Глубокое, улица Пирогова, 6.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Глубоковского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Глубоковского района".
      11. Учредителем государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Глубоковского района" является государство в лице местного исполнительного органа Глубоковского района.
      12.Финансирование деятельности отдела сельского хозяйства осуществляется из местного бюджета Глубоковского района.
      13. Отделу сельского хозяйства запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями отдела сельского хозяйства.
      14. Режим работы отдела сельского хозяйства устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      15. Миссия отдела сельского хозяйства: обеспечение реализации основных направлений государственной политики в области развития сельского хозяйства на территории Глубоковского района.
      16. Задачи отдела сельского хозяйства:
      1) организация исполнения и реализация основных направлений экономической реформы на селе и на этой основе определения перспектив аграрного сектора, тенденций его развития;
      2) оказание содействия в формировании рыночной инфраструктуры, организационных структур рыночного типа, проведению единой финансово-инвестиционной политики и учета;
      3) содействие развитию и становлению различных организационно-правовых форм хозяйствования на селе на основе частной собственности;
      17. Функции отдела сельского хозяйства:
      1) осуществление государственной поддержки субъектов агропромышленного комплекса в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан;
      2) осуществление государственной технической инспекции в области развития агропромышленного комплекса;
      3) подготовка и проведение мониторинга развития сельских территорий;
      4) проведение сбора оперативной информации в области агропромышленного комплекса и сельских территорий для представления ее местному исполнительному органу Восточно-Казахстанской области;
      5) проведение конкурса "Лучший по профессии в агропромышленном комплексе";
      6) ведение учета запасов продовольственных товаров в Глубоковском районе и представление отчетности в местный исполнительный орган Восточно-Казахстанской области;
      7) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности отдела сельского хозяйства:
      1) вносить на рассмотрение руководству района предложения по вопросам, входящим в компетенцию отдела сельского хозяйства;
      2) в рамках компетенции, предусмотренной законодательством Республики Казахстан привлекать работников других отделов местных исполнительных органов района для рассмотрения и совместной разработки вопросов, касающихся деятельности отдела сельского хозяйства;
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию отдела сельского хозяйства;
      4) запрашивать в рамках компетенции установленной законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций.
      5) давать консультации по вопросам, входящим в компетенцию отдела сельского хозяйства;
      6) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      7) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию отдела сельского хозяйства.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство отделом сельского хозяйства осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел сельского хозяйства задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель отдела сельского хозяйства назначается на должность и освобождается от должности акимом Глубоковского района в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      21. Первый руководитель отдела сельского хозяйства имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      22. Полномочия руководителя отдела сельского хозяйства:
      1) в установленном законодательстве порядке назначать на должности и освобождать от должностей работников отдела сельского хозяйства;
      2) в установленном законодательством порядке осуществлять поощрение и налагать дисциплинарные взыскания на сотрудников отдела сельского хозяйства;
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждать должностные инструкции работников отдела сельского хозяйства;
      5) представлять интересы отдела сельского хозяйства в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждать штатное расписание отдела сельского хозяйства в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением акимата Глубоковского района;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивать равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      9) осуществлять иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя отдела сельского хозяйства в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Отдел сельского хозяйства может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество отдела сельского хозяйства формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за отделом сельского хозяйства, относится к коммунальной собственности.
      25. Отдел сельского хозяйства не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение отдела сельского хозяйства осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.