Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 15.11.2017 № 308 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С. Брынзов |
Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы " 19 " наурыздағы № 67 қаулысымен бекітілді |
"Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы Ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында Жарма ауданы аумағында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтары мен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер мен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі №21 "А".
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Мемлекет Жарма ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
11. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілер мен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеды.
15. Міндеттері:
1) адам мен жануарларға жалпы болып табылатын аурулардан тұрғындардың денсаулығын сақтау;
2) жануарларды аурулардан сақтау және емдеу;
3) ветеринарлы-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Жарма ауданының аумағын басқа мемлекеттерден келген жұқпалы және экзотикалық аурулардың таратылуынан қорғау;
5) ветеринария саласында заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетінде қоршаған ортаның ластануын жою және алдын-алу.
16. Функциялары:
1) өкілетті органмен келісіп, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке жататын аумақта ветеринарлы-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шаралар жоспарын бекітеді;
2) жергілікті атқарушы органдарға республикалық ветеринарлық қордың препараттарынан басқа, жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын-алу препараттардың сақталуын, тасымалдануын, жеткізілуін ұйымдастырады;
3) алдын-алу шаралары жергілікті бюджет арқылы атқарылатын жануарлардың эпизоотиялық аурулардың тізімін құрастырып, өкілетті органға ұсынады;
4) жануарлардың энзоотикалық ауруларды алдын-алу үшін ветеринарлық препараттарды мемлекет тарапынан сатып алуды, алдын-алу қызметін және ауданның жергілікті атқарушы органдарға тасымалдау және оларды сақтауды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласында заңдылықпен белгіленген ветеринарлық есептемені, есепті, сараптаманың жүргізуін, жинақтауын жүргізіп, оны өкілетті органға ұсынуын атқарады;
6) ауыл шаруашылық малдың бірдейлендіру шараларын өткізуін ұйымдастырады;
7) ветеринария мәселелері бойынша тұрғындар арасында ағарту және түсініктеме жұмыстарын жүргізеді;
8) мал өсіруін, мал өнімін қайта өндеуін, оны сақтауын, дайындауын жүргізетін, мал шікізатын өндіретін өндіріс нысандарын және мал азығы мен азықтық қосындыларын, ветеринарлық препараттарды сақтайтын және ұсынатын кәсіп ұйымдарын қолданысқа тапсыру бойынша мемлекеттік комиссияны құрады;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың жұқпалы және қауіпті емес аурулары туралы эпизоотиялық жағдайды зерттейді;
10) жануарлардың эпизоотиялық ауруларды және де Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аса қауіпті ауруының тізімі бойынша алдын-алу ветеринарлық шараларын орындауын қамтамасыз етеді;
11) малдың ветеринарлық төлқұжатында ауыл шаруашылық малды бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринарияға тиісті мемлекет тарапы бойынша алынған атрибуттар мен өнімдерді тасымалдауын, жеткізуін атқарады;
12) иесіз иттер мен мысықтарды ұстау және жоюды ұйымдастыру;
13) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) құрылысын ұйымдастырады, ветеринарлық талаптарға сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;
14) ауданның жергілікті органдарына елді мекендерінде мысық пен иттерді аулаға серуендету, жануарларды ұстау ережелерін бекітуге ұсынады, жануарларды ұстағанда санитарлық аймақтың шекарасын орнату бойынша ұсыныстар енгізеді.
17. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері
1) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдардан қызметтік тұлғалардан және азаматтардан ветеринария мәселесі бойынша тиісті ақпаратты сұрап алуға құқылы;
2) төтенше эпизоотияға қарсы комиссия құру жөнінде белгілі тәртіппен ұсыныс еңгізу;
3) жануарлардың аса кауіпті жұқпалы ауруларының таралуын болғызбауға және оларды жою бағытталған кейбір аумақтарда карантин, шектеу іс-шаралар жөнінде жергілікті атқару органдарына ұсыныс еңгізу тұралы;
4) жануарлардың аса кауіпті жұқпалы ауруларының таралуын болғызбауға және оларды жою бағытталған кейбір аумақтарда карантин, шектеу іс-шараларын тоқтату жөнінде жергілікті атқару органдарына ұсыныс жасау;
5) адам және жануарлар өміріне қауіп туғызатын ауыл шаруашылық жануарларынан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алу және жою туралы шешім қабылдау.
3. "Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. Басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының құзыреті:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлім мүддесін қорғайды;
6) Жарма ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
8) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі
21. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық иелігіне жатады.
23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қарайтын мекемелердің тізілімі
25. "Жарма ауданының ветеринаринарлық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.