РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 және 46 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жарма ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Сыдықов |
Жарма ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 308 қаулысына қосымша |
1. Жарма ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы №14 "2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы", Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 ақпандағы №3190 болып тіркелген (2014 жылдың 6 наурыздағы "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
2. Жарма ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы №220 "2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №3490 болып тіркелген (2014 жылдың 1 қазандағы "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
3. Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №16 "2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 17 ақпанда №3687 болып тіркелген (2015 жылдың 3 наурыздағы "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
4. Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде №3828 болып тіркелген (2015 жылдың 16 сәуірдегі "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
5. Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде №3829 болып тіркелген (2015 жылдың 16 сәуірдегі "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
6. Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №208 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде №4079 болып тіркелген (2015 жылдың 27 тамыздағы "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
7. Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы №174 "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 маусымдағы №4577 болып тіркелген (2016 жылдың 2 шілдесіндегі "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.