Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № 80 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 04 шілдедегі № 476 "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының № 1 және № 2 қосымшаларына сәйкес Жарма ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі бекітілсін.
2. "Жарма ауданының білім бөлімі" ММ-нің басшысы Б.Ж. Оразғалиевқа шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауды ұйымдастыру тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Т. Каимулдинов |
Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "03" шілдедегі № 212 қаулысына № 1 қосымша |
Жарма ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
№ | Тура бағыт | Кері бағыт |
---|---|---|
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Әуезов кентінің Солнечное елді мекенінің орталығы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Әуезов кентінің " Бақыршық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаңша; |
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Шар қаласының кентінің Сарыарқа елді мекенінің орталығы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Шар қаласының "Көбдіков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік 50 метр қашықтықтағы алаңша; |
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Жаңғызтөбе кентінің № 10 разъезд орталығы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Жаңғызтөбе кентінің "Жаңғызтөбе мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаңша; |
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Қапай батыр ауылының автобус аялдамасы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Қалбатау ауылының "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гиназия кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаңша; |
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Қызылжұлдыз елді мекенінің орталығы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылының "Т. Хасенұлы атындағы көпсалалы мектеп-гимназия кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаңша; |
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Қапанбұлақ темір-жол станциясының орталығы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылының "Т. Хасенұлы атындағы көпсалалы мектеп-гимназия кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаңша; |
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің Новотаубинка елді мекенінің орталығы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің "Суықбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаңша. |
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің Суықбұлақ темір-жол станциясының орталығы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің "Суықбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаңша. |
|
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Үшбиік ауылдық округінің бордақылау алаңының (Жанама) орталығы; |
Бастапқы аялдама: Жарма ауданының Үшбиік ауылының "Ақтайлақ би атындағы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаңша. |
Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "03" шілдедегі № 212 қаулысына № 2 қосымша |
Жарма ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1. Балаларды тасымалдау тәртібі
1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі-Тасымалдаушы) тасымалдаушыларға қатысты заңнаманың талаптарын орындаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда лауазымды адамдардың міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттеледі.
4. Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарға көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауға тиіс.
5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
7. Нұсқауды білім беру мұйымдарына жолжүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты тұлға өткізеді.
8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
11. Көлiк құралы жақындаған кезде алып жүрушiлер балалардың жүгіріп шығуына және олардың жолдың жүретін бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың;
1) салонда тұруына және жүруiне;
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
9) есiктердi ашуына;
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: біреуі - автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екіншісі –автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
2) баспалдақтардан секiруiне;
3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi;
19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер;
1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.
2. Қорытынды ережелер
20. Ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.