РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жарма ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық кодексінің 378 бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Сқақов |
Мәслихат хатшысы | Н. Есполов |