РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Зайсан аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізетін үй-жайлардың тізімі белгіленсін.
3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету жағдайында үгіт баспа материалдарын орналастыруды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін, үй-жайларды бірдей және тең жағдайда ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Ауылдық округтердің әкімдері белгіленген орындарды, үгіт материалдарын орналастыру үшін стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қ.Қалиқанға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Оңдақанов |
"КЕЛІСІЛДІ": | |
Зайсан ауданының аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрағасы | С.Әндірбаев |
Зайсан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №100 қаулысына №1 қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде Зайсан ауданы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындар тізімі
Зайсан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 100 қаулысына 2 қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайлардың тізімі
Зайсан қала округі:Зайсан қаласы – "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты.
Айнабұлақ ауылдық округі:
Айнабұлақ ауылы – Ауылдық клуб акт залы;
Қарабұлақ ауылдық округі:
Қарабұлақ ауылы - Мәдениет үйінің ғимараты;
Сарытерек ауылдық округі:
Сарытерек ауылы – Мәдениет үйінің ғимараты;
Біржан ауылдық округі:
Біржан ауылы - Ауылдық клуб акт залы;
Қаратал ауылдық округі:
Қаратал ауылы – Мәдениет үйі ғимараты;
Кеңсай ауылдық округі:
Кеңсай ауылы- Мәдениет үйі ғимараты;
Дайыр ауылдық округі:
Дайыр ауылы - Ауылдық клуб акт залы;
Шілікті ауылдық округі:
Шілікті ауылы – Мәдениет үйі ғимараты;