Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 480 Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Зайсан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы С.М.Андырбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Қасымжанов |
Зайсан ауданының әкімдігінің 2016 жылғы "06" қыркүйектегі № 126 қаулысына қосымша |
Зайсан ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі.
1. Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 74 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 наурызда № 3731 тіркелген);2. "Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 75 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 наурызда № 3730 тіркелген);
3. "Зайсан ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 76 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 3714 тіркелген);
4. "Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 3712 тіркелген);
5. "Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы 2015 жылғы 5 наурыздағы № 101 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3806 тіркелген);
6. "Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 16 наурыздағы № 125 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 1 сәуірде № 3801 тіркелген);
7. "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 717 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 қаңтарда № 3663 тіркелген);
8. "2015 жылға Зайсан ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 716 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 қаңтарда № 3664 тіркелген);
9. "Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 100 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 1 сәуірде № 3800 тіркелген) қаулысы.