"Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы N 37 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда N 3707 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 14.06.2016 № 193 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е.Сәлімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 37 қаулысымен
бекітілді

"Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Зырян ауданының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Первомайская көшесі, 23.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету;
      2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, жұмыс орындарын ашу;
      3) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру;
      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету;
      6) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
      7) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуын қамтамасыз ету;
      8) мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесу;
      9) халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру, халықтың дәрменсiз топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, қайырымдылық көмек көрсету.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Бөлімнің функциялары:
      1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
      2) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдайды;
      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      6) жастар іс-тәжірибесін ұйымдастырады;
      7) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын iске асырады;
      8) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
      9) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      11) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      12) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 16.02.2016 N 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 16.02.2016 N 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Зырян ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Зырян ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімге қарасты ұйымдардың тізбесі

      1. Зырян ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. "Зырян ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. Зырян ауданы әкімдігінің "Белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района"

Постановление акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 09 февраля 2015 года N 37. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 27 февраля 2015 года N 3707. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 14 июня 2016 года № 193

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 14.06.2016 № 193.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала. 
      В соответствии со статьей 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Зыряновского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить положение о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района", согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Зыряновского района Е. Салимов

  Утверждено
постановлением акимата
Зыряновского района
от 9 февраля 2015 года № 37

Положение о государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет руководство в реализации единой государственной политики в области занятости и социальных программ на территории Зыряновского района.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 070800, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Зыряновский район, город Зыряновск, улица Первомайская, 23.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета Зыряновского района.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      13. Режим работы Отдела устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия Отдела: обеспечение реализации основных направлений государственной политики в области занятости и социальной защиты населения.
      15. Задачи Отдела:
      1) обеспечение равных возможностей гражданам Республики Казахстан, иностранцам и лицам без гражданства, постоянно проживающим в Республике Казахстан, на свободный выбор рода деятельности и профессии, справедливых и благоприятных условий труда, социальной защиты от безработицы; 
      2) обеспечение продуктивной занятости, сокращение безработицы, содействие в создание рабочих мест; 
      3) формирование единой информационной базы рынка труда;
      4) исключен постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 05.05.2015 № 213 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      5) обеспечение участия представителей работодателей, работников и общественных организаций в разработке и реализации государственной политики занятости;
      6) обеспечение гарантированности социальной защиты, доступности медицинской, социальной и профессиональной реабилитации;
      7) обеспечение доступности и равноправия инвалидов, наряду с другими гражданами, на охрану здоровья, образование и свободный выбор рода деятельности, в том числе трудовой;
      8) взаимодействие с общественными объединениями и иными организациями, осуществляющими функции по защите прав и законных интересов инвалидов;
      9) реализация программ социальной защиты населения, оказания государственной адресной социальной помощи социально уязвимым слоям населения, оказание благотворительной помощи.
      Сноска. Пункт 15 с изменением, внесенным постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 05.05.2015 № 213 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      16. Функции Отдела:
      1) оказывает жилищную помощь за счет средств местного бюджета;
      2) исключен постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 05.05.2015 № 213 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      3) поддерживает создание дополнительных рабочих мест через развитие индивидуального предпринимательства, малого и среднего бизнеса;
      4) исключен постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 05.05.2015 № 213 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      5) организует социальные рабочие места;
      6) организует молодежную практику;
      7) реализует программы содействия занятости населения и снижения бедности;
      8) решает вопросы социальной защиты населения, охраны материнства и детства, оказывает адресную помощь социально уязвимым слоям населения, координирует оказание им благотворительной помощи;
      9) организует работы по оказанию мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, работающих и проживающих в сельских населенных пунктах;
      10) реализует государственную политику в сфере предоставления специальных социальных услуг;
      11) обеспечивает реализацию региональных программ реабилитации инвалидов;
      12) исключен постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 16.02.2016 № 44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      13) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлениями акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 05.05.2015 № 213 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 16.02.2016 № 44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      17. Права и обязанности Отдела:
      1) вносить на рассмотрение руководству района предложения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      2) в рамках компетенции, предусмотренной законодательством Республики Казахстан привлекать работников других отделов местных исполнительных органов района для рассмотрения и совместной разработки вопросов, касающихся деятельности Отдела;
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      4) запрашивать в рамках компетенции установленной законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций;
      5) давать консультации по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      6) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      7) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию Отдела.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Зыряновского района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Первый руководитель Отдела имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия руководителя Отдела:
      1) в установленном законодательстве порядке назначает на должности и освобождает от должностей работников Отдела;
      2) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела;
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждает должностные инструкции работников Отдела;
      5) представляет интересы Отдела в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждает штатное расписание Отдела в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением акимата Зыряновского района;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      24. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении Отдела

      1. Коммунальное государственное учреждение "Центр занятости" акимата Зыряновского района.
      2. Коммунальное государственное учреждение "Территориальный центр социального обслуживания инвалидов и престарелых Зыряновского района".
      3. Коммунальное государственное учреждение "Центр социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства" акимата Зыряновского района.