РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зырян ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін қоса берілген өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Е. Сәлімов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 213 қаулысымен бекітілді |
Зырян ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1. "Зырян ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Зырян ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін біріктіру жолымен "Зырян ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 2599 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3456 тіркелген, 2014 жылғы 21 тамыздағы № 33 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде жарияланған):көрсетілген қаулымен бекітілген "Зырян ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауданның ауылдық елдi мекендерінiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiреді;
2) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер береді;
3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыруды қамтамасыз етеді;
4) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдерді қабылдау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен объектiлердi (кешендердi) қабылдау жөнiндегi комиссияның құрамын белгiлеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) тiркеу және есебiн жүргiзу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
6) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
7) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң және өзге де ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларының жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну бойынша ұсыныстар әзірлейді;
8) елдi мекендердiң бекiтiлген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшiн әзiрленетiн қала құрылысы жобаларын iске асырады;
9) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзеді;
10) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беру, заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою жөнiнде ұсыныстар әзірлейді;
11) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау жөнінде ұсыныс әзірлейді;
12) құрылыс үшін жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді;
13) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.".
2. Күші жойылды - - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 14.06.2016 № 193 қаулысымен.
3. "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 35 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
16-тармақтың 10) және 18) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"10) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізу үшін жергілікті атқарушы органның шешімнің жобасын әзірлейді;
18) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасау бойынша шаралар қабылдайды;".
4. "Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 34 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
16-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) аудан әкіміне Зырян ауданы аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды және ұсынуды жүзеге асырады;".