РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Зырян ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3711 нөмірімен тіркелген, "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде 2015 жылғы 19 наурыздағы № 12 газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Зырян ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің:
2-бөліміндегі "2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері":
16-тармағының 1), 5), 6), 9), 10), 11) тармақшалары алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Е. Сәлімов |