РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Б. Рақышева |
Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 105 қаулысымен бекітілді |
"Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. "Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Катонқарағай ауданы аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Татаев көшесі, 15.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Мемлекет Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Катонқарағай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Бөлімнің миссиясы: Катонқарағай ауданы аумағында білім, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.16. Бөлімнің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздер мен мемлекеттiк тiлдi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;
7) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту;
8) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
9) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
10) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу.
17. Бөлімнің функциялары:
1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
5) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
6) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
7) аудан ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
8) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
10) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
11) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
12) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
13) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
15) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
16) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
17) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
18) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды.
19) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
20) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
21) Катонқарағай ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
22) Катонқарағай ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
23) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
24) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
25) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
26) Катонқарағай ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
27) Катонқарағай ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
28) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
29) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
30) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
31) Катонқарағай ауданы аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi және олардың халыққа қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi;
32) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
33) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
34) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.20. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Катонқарағай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
22. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
6) Катонқарағай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Бөлімінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі
1) "Ақсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;2) "Аршаты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Балғын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Оралхан Бөкей атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Берел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Үлкен Нарын ауылдық лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Жамбыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Жұлдыз орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9)"Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Көктерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Коробиха орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) "Майемер орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "Малонарым орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) "Ново-Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Новополяковка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Ново-Хайрузовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Печи орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Солдатово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Солоновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Қ.Дамитов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) "В.И.Ленин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) "Ленин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) "Рыков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Топқайың орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Өрел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) "Чернова орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) "Юбилейное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) "Ақмарал негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) "Ақшарбақ негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) "Қабырға негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) "Қайыңды негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) "Қызыл-Жұлдыз негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) "Мойылды негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) "Жаңа-Үлгі негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) "Огнево негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) "Примор негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) "Сенное негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) "Сөгір негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) "Үштөбе негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
41) "Черемошка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
42) "Язовая негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
43) "Яры негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
44) "Бесүй бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
45) "Өрнек бастауыші мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46) "Катонқарағай ауданыныңбалалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47) Катонқарағай аудандық "Балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Ү);
48) Катонқарағай аудандық "Балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (К);
49) Катонқарағай ауданының "Шығармашылық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;