"Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 104 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3824 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 25.03.2016 № 112 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Рақышева

  Катонқарағай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№104 қаулысымен бекітілді

"Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз құзыреттілігі шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті және аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, Катонқарағай аудан аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 116 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Мемлекет Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Катонқарағай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Бөлімнің миссиясы: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқаруды атқару, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзiрлеу, аудандық бюджетті атқару және аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыру.
      16. Бөлімнің міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жасау;
      2) мемлекеттік салық саясатын әзірлеу мен іске асыру;
      3) кірістер мен шығыстарды экономикалық негізде жоспарлау негізінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі қаржы жылы аудандық (жергілікті) бюджеттің жобасын құру;
      4) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау;
      5) аудандық бюджетті атқару;
      6) бюджеттік есепке алуды жүргізу және аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру;
      7) аудандық коммуналдық меншікті басқару.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) Катонқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде аудандық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;
      2) алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;
      3) тиісті бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді;
      4) жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;
      5) даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді;
      6) коммуналдық мүлікті басқаруға талдау және бағалауды жүзеге асырады;
      7) мемлекеттiк мүлiк бойынша уәкілетті органмен мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарын орындау бойынша есептерді құрастырады және ұсыну тәртібін бiрлесiп әзірлейді;
      8) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      9) бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
      10) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін айқындау және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін атқару жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
      11) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
      12) бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;
      13) тұрақты және жүйелі жинақтау, бюджетті атқару көрсеткіштерін бақылап отыру және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі;
      15) бюджеттік ақшамен басқарады;
      16) аудан бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
      17) аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
      18) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерді қарайды;
      19) бюджеттік ақшамен басқару бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;
      20) мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
      21) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      22) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады;
      23) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
      24) аудандық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүліктердің тізілімін белгіленген тәртіпте жүргізеді;
      25) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      26) аудандық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
      27) аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді;
      28) сенімгерлікпен басқарушының аудандық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      29) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      30) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      31) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
      32) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, аудан әкімдігі қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
      33) жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
      34) иесіз мүліктердің, объектілерді анықтау есебін жүргізу және ретке келтіру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
      35) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырылады.
      20. Бөлімнің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үржар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін өзінің құзыретіне сәйкес дара қағидаты бойынша қызмет етеді, Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
      22. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Кат онқарағай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел экономики и финансов Катон-Карагайского района"

Постановление акимата Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области от 18 марта 2015 года № 104. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 3 апреля 2015 года № 3824. Утратило силу - постановлением акимата Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области от 25 марта 2016 года № 112

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области от 25.03.2016 № 112.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Катон-Карагайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить положение о государственном учреждении "Отдел экономики и финансов Катон-Карагайского района района", согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющая обязанности
      акима района Б. Ракишева

  Утверждено
Постановлением акимата
Катон-Карагайского района
от "18 " марта 2015 года №104

Положение о государственном учреждении "Отдел экономики и финансов Катон-Карагайского района" 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов Катон-Карагайского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет в пределах своей компетенции функций в сфере стратегического, экономического, бюджетного планирования и исполнения районного бюджета, ведения бухгалтерского, бюджетного учета, и бюджетной отчетности по исполнению районного бюджета, составления консолидированной финансовой отчетности, управления коммунальной собственностью на территории Катон-Карагайского района.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 070900, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Катон-Карагайский район, село Улкен Нарын, улица Абылайхана, дом 116.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел экономики и финансов Катон-Карагайского района".
      10. Учредителем отдела является государство в лице местного исполнительного органа Катон-Карагайского района.
      11.Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      12. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета Катон-Карагайского района.
      13. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      14. Режим работы Отдела устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      15. Миссия Отдела: осуществление государственного управления в сфере стратегического, экономического и бюджетного планирования, ориентированных на достижение стратегических целей и реализацию приоритетных задач социально-экономического развития района, обеспечение исполнения бюджета, ориентированного на достижение прямых и конечных результатов, эффективное управление районной коммунальной собственностью.
      16. Задачи Отдела:
      1) разработка основных направлений социально-экономической политики и осуществление мониторинга социально-экономического развития района;
      2) разработка и реализация государственной налоговой политики;
      3) составление проекта районного (местного) бюджета на предстоящий финансовый год на основе экономически обоснованного планирования доходов и расходов и в соответствии с действующим законодательством и организация его исполнения;
      4) экономический анализ, прогнозирование социально-экономического развития района и оценка хода реформ;
      5) исполнение районного бюджета;
      6) ведение бюджетного учета и составление бюджетной отчетности по исполнению районного бюджета;
      7) управление районным коммунальным имуществом.
      17. Функции Отдела:
      1) организовывает разработку Прогноза социально - экономического развития и бюджетных параметров Катон-Карагайского района и участвует в разработке и обеспечении реализации районных программ развития в пределах своей компетенции;
      2) определяет ожидаемый объем поступлений денег в бюджет в предстоящем плановом периоде;
      3) направляет информацию в соответствующую бюджетную комиссию о необходимости пересмотра годовых плановых назначений по отдельным бюджетным программам (подпрограммам) как в текущем, так и в предстоящем плановом периоде;
      4) анализирует и прогнозирует наличность денежных ресурсов по местному бюджету;
      5) ведет мониторинг за ходом освоения бюджета развития, инвестиционных проектов;
      6) осуществляет анализ и оценку управления коммунальным имуществом;
      7) разрабатывает совместно с уполномоченным органом по государственному имуществу порядок составления и предоставления отчетов по исполнению планов развития государственных предприятий;
      8) организует работу по исполнению районного бюджета;
      9) координирует деятельность администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;
      10) составляет прогноз потоков наличности, который является процессом по определению ожидаемых объемов поступлений в бюджет и исполнения расходов на планируемый период, профицита (дефицита) наличности и источников его покрытия;
      11) составляет, утверждает и ведет сводные планы финансирования по обязательствам, сводные планы поступлений и финансирования по платежам;
      12) осуществляет регистрацию бюджетных кредитов, выданных за счет средств бюджета, их учет и мониторинг;
      13) осуществляет бюджетный мониторинг посредством регулярного и систематического сбора, отслеживания и анализа показателей исполнения бюджета;
      14) согласовывает утверждаемый администраторами бюджетных программ сводный план поступлений и расходов денег от реализации товаров (работ, услуг) государственного учреждения, остающихся в его распоряжении;
      15) управляет бюджетными деньгами;
      16) проводит мониторинг движения денег на контрольном счете наличности районного бюджета;
      17) обеспечивает ведение бюджетного учета и отчетности по исполнению районного бюджета;
      18) рассматривает ходатайства о выделении средств из резерва акимата района в порядке, устанавливаемом Правительством Республики Казахстан;
      19) осуществляет ежегодную оценку эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета по управлению бюджетными деньгами;
      20) организует и проводит мониторинг осуществления государственных закупок государственными органами, учреждениями и предприятиями;
      21) разрабатывает нормативные правовые акты в сфере управления государственным имуществом в пределах своей компетенции;
      22) управляет районным коммунальным имуществом;
      23) закрепляет районное коммунальное имущество за районными коммунальными юридическими лицами;
      24) организует учет районного коммунального имущества, обеспечивает его эффективное использование, в установленном порядке ведет реестр государственного имущества;
      25) осуществляет приватизацию районного коммунального имущества, в том числе привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;
      26) предоставляет районное коммунальное имущество без права выкупа в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам;
      27) передает районное коммунальное имущество в безвозмездное пользование государственным юридическим лицам;
      28) осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления районным коммунальным имуществом;
      29) организует работу по передаче государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой;
      30) организует работу по приобретению государством прав на имущество по договору дарения;
      31) проводит анализ предоставления в имущественный наем (аренду) имущества, закрепленного за районными коммунальными юридическими лицами;
      32) осуществляет организацию и проведение мониторинга функционирования и эффективности управления районными коммунальными государственными предприятиями, товариществами с ограниченной ответственностью с участием акимата района;
      33) согласовывает списание имущества государственных учреждений, содержащихся за счет местных бюджетов;
      34) осуществляет работу по выявлению и упорядочению учета бесхозяйных объектов, имущества;
      35) осуществляет иные полномочия, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности Отдела:
      1) вносить на рассмотрение руководству района предложения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      2) в рамках компетенции, предусмотренной законодательством Республики Казахстан привлекать работников других отделов местных исполнительных органов района для рассмотрения и совместной разработки вопросов, касающихся деятельности Отдела;
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      4) запрашивать в рамках компетенции установленной законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций;
      5) давать консультации по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      6) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      7) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию Отдела.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство Отделом осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      20. Руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Катон-Карагайского района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Руководитель Отдела действует на принципах единоначалия, самостоятельно решает вопросы деятельности Учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.
      22. Полномочия руководителя Отдела:
      1) в установленном законодательстве порядке назначает на должности и освобождает от должностей работников Отдела;
      2) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела;
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждает должностные инструкции работников Отдела;
      5) представляет интересы Отдела в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждает штатное расписание Отдела в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением акимата Катон-Карагайского района;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      25. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.