Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк–аумақтық құрылысы туралы" Казақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, 2015 жылғы 10 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Катонқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Катонқарағай ауылдық округiнің Шыңғыстай ауылындағы Көктерек көшесі Дүзбаев Кабдрахман көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Катонқарағай ауылдық округi әкiмiнің орынбасары Р. Қ.Сейтқановқа жүктелсiн.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Катонқарағай ауылдық округінің әкімі | А. Балтабаев |