РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | А. Сеитов |
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы " 16" _наурыз № 92 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әр-бөлім) атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіруді жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің, аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен өкімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071200 Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы , Күршім ауылы, Ибежанов көшесі,23.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатыныастарға түсуге тыйым салынады.
13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы:Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
15. Бөлімнің міндеттері:
1) аудан көлемінде сәулет, құрылыс мәселелерін шешу, аудандық сәулетші міндеттерін қоса сәулет – қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу;
2) тапсырушыларға құрылыс паспорттарын дайындау, алдын ала жер учаскелерін бөлу, сәулеттік жобалық тапсырмалар және құрылыстардың барлық түрлеріне жобалау жұмыстарын жүргізуге керекті құжаттарды дайындап беру;
3) мекемелер мен кәсіпорындарға, шарушылық субъектілерге, жерге мемлекеттік акт алуға, жерді сатып немесе жалға алуға керекті құжаттарды дайындап беру;
4) белгіленген тәртіпте барлық құрылыс нысандарын орналастыруға жобалау ұсыныстар дайындау және осыған сай жер болу туралы жергілікті әкімдіктердің қаулысын дайындау;
5) шарт негізінде кәсіпорындар мен мекемелер, шару қожалықтары және жеке меншік құрылыс жүргізушілермен құрылыс, жөндеу, қайта салу және қалпына келтіру жұмыстарын тұрғын үй- азаматтық, өндірістік, ауыл шаруашылық саласында, тарихи мәдени ескерткіштер, қаладағы көркемдеу әсемдеу жұмыстары, интерьерлер мен және де басқа жобалық – сметалық құжаттар дайындау;
6) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде жергілікті маңызы бар жол жүйелерін дамытуды және қызмет етуді қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеуді әкімшілік-территориялық бірлік негізінде іске асыру;
7) қолданылып жүрген заңдар негізінде сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту.
16. Функциялары:
1) елді мекендердің бас жоспарларының сақталуына бақылау жасау;
2) құрылыс жүргізілетін және күрделі жөндеуден өткізілетін нысандардың сапасына бақылау жасау;
3) құрылыс нысандарына қатысты әртүрлі комиссиялардың жұмыстарына қатысу;
4) жергілікті деңгейде бөлім бағдамаларын қаржыландыруды жүзеге асыру;
5) жетекшілік ететін салалардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау, болжау және ақпарат жинау;
6) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы БАҚ арқылы халықты хабардар ету;
7) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
8) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтап қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау.
9) қала құрылысы кадастарын және мекен-жай тіркелімін жүргізу үшін ақпараттар жинау және өңдеу;
10) Күршім ауданындағы құрылыс қызметін үйлестіру құрылыс қызметі саласындағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын әзірлеп, келісуге қатысу;
11) бірынғай тапсырыс берушінің қызметін орындаумен байланысты мәселелерді шешу;
12) аудан аумағындағы жобалық-сметалық құжаттамаларды, құрылыс жүргізілуге тиіс ғимараттар мен құрылыстарды қайта салуды, күрделі жөндеуді бюджеттік қаржылар есебінен қарау және келісу;
13) аудан аумағында мақсатты және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру;
14) сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты, инвестициялық саясатты қамтамасыз ету;
15) Аудан бойынша ғимараттар мен имараттарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге бюджеттен жасалатын жобалық сметалық құжаттамаларды қарау және бекіту;
16) уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқаруды іске асыру;
17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендеріндегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
18) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
19) Күршім ауданы әкімдігінің "Күршім" және "Теректі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының уәкілетті органы болып табылады;
20) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағының 19) тармақшасына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамалардың сақталуына бақылау жасап, жүзеге асырады;
21) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 7 тармағы, ҚР "Автомобиль жолдары туралы" Заңына сәйкес, жол-көпір шаруашылығы саласындағы заңнамалардың сақталуына бақылау жасап, жүзеге асырады;
22) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол-көпір шаруашылығы нысандары бойынша күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге тапсырма беру;
23) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жұмысын меншік түріне қарамастан жетекшілік етеді;
24) 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, бекітілген жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады;
25) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық нысандарына ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жасау;
26) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 5 бабының 1 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, аудандық маңызы бар жолдарға ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жасау;
27) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және осы салаға байланысты қабылданған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін жасайды, Заңда белгіленген мерзімге сәйкес тізімді аудандық баспасөз беттеріне жариялайды. Аудандағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорын есепке алады, апатты жағдайларда тұрған үйлер жөніндегі ақпараттарды жинайды.
28) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол-көпір шаруашылығы саласында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау;
29) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағының 20) тармақшасына сәйкес, елді мекендердің санитарлық тазалық, көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау жасау;
30) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және орындалуына бақылау жасау;
31) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, әлеуметтік-мәдени нысандарын, тұрғын үйлерді, коммуналдық меншіктегі жылу нысандарын, магистралдық кәріз және су жүйелерін, электр жүйелерін, инфрақұрылым нысандарын, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін жылу маусымына дайындау және бақылау жасау;
32) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау, олардың коммуникакацияларын күтіп-ұсталуына бақылау, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерге тұрғызу құқығына құжаттарын дайындап, жалға алу және жалдау келісім шарттарын жасауға, тұрғын үй қорына түгендеу жасау сұрақтары бойынша ұсыныс дайындау;
33) 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 ҚР "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 12-7 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік айырбастау және қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіру, сонымен қатар бюджеттен бөлінетін қаражатқа тұрғын үйлерді (пәтер) сатып алуға құжаттарды рәсімдеу жүргізу;
34) 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 41-2 бабының 1 тармағының 1,2 тармақшаларына сәйкес, ортақ кондоминиум нысандарына техникалық тексеріс жүргізуді ұйымдастыру және ортақ кондоминиум нысандарына күрделі жөендеу жұмыстарына жүргізуге тізім жасап кезегін анықтау;
35) 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 41-2 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, тұрғын үй көмегі арқылы қаражыландырылатын, кондоминиум нысандарына басқарма ұйымдарымен көрсетілген күрделі жөндеудің жеке түрлеріне жобалық сметалық құжаттамаларды келісу;
36) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес жүктелген басқа да қызмететтерді жүзеге асыру;
17) Құқықтары:
1) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;
2) Бөлім заң талаптарына сәйкес өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыруда құқылы:
3) жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын, сумен жабдықтау, құбырлық жүйелер және ғимараттар, коммуналдық меншік объектілері және әлеуметтік – мәдени мақсаттағы объектілер құрылысын, қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау мәселесі бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;
4) Бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін статистика бөлімінен, ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан ақпараттар сұрауға және алуға (келісімдері бойынша);
5) өзінің құзырлығы шегінде ауданның елді мекендеріндегі аудан аумағындағы сәулет – құрылыс қызметіндегі барлық субъектілерге орындау үшін міндетті болып табылатын құрылыс және құрылыс орналасқан жерлер мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
6) мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша конкурс ұйымдастырушы ретінде болуға;
7) Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Заңын, Қазақстан Республикасының “ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ” Кодексін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
8) салынып жатқан объектілерді бақылауға;
9) қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес басқа да құқықтарын жүзеге асыруға.
10) тексеру жүргізген уақытта тексерілетін объектіге баруға, қажетті ақпараттар алуға және тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) мекеме жұмысында басшылық жасап ұйымдастырады, мекеменің жұмысын қадағалайды;
2) бұйрықтар шығарады;
3) сенім қағаздарын береді, банкте есепшотын ашады, қаржы тәртібінің сақталуына жауап береді;
4) мамандардың және жұмысшылардың міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;
5) мемлекеттік қызметкерлерді және жұмысшыларды Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес лауазымды қызметке тағайындайды және босатады;
6) Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларын марапаттайды, тәртіптік шара қолданады;
7) қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бөлімнің басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданылғы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлік болуы мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік ақша кірістерін қоса алғанда Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімнің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.