Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 19.05.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 290 ұсынысы негізінде, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Ұсақ малдар арасында сарып ауруының шығуына байланысты Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Темірхановқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"20" мамыр 2015 ж
"Күршім ауданының ветиринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысының | |
міндетін уақытша атқарушы | Т. Жампеисов |
"20" мамыр 2015 ж