РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Көкпекті аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Көкпекті ауданы әкімдігінің "Ережелерді бекіту туралы" 2013 жылғы 22 ақпандағы № 52 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р. Сагандыков |
Көкпекті аудандық әкімдігінің 2015 жылғы " 08 " сәуірдегі № 71 қаулысына қосымша |
"Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1."Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілеріне, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
3. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру – құқықтық нысанда заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өзінің мөрі мен мөртаңбасы, бланкілері сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар.
4. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.
5. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамаларға сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға кіруге құқығы бар.
6. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген заңнама тәртібінде өзінің құзырындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қарастырылған заңнамасымен ресімделген "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілерімен шешімдерді қабылдайды.
7. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның мекен – жайы: 071000 Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Ш.Фахрутдинова, 44 "а" көшесі.
9. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік органның толық атауы –"Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Көкпекті ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
12. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
15. Миссиясы: аудан әкімінің қызметін сапалы ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету.16. Міндеттері:
1) Аудан әкімінің және аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, оның орынбасарларының, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының актілерінің және тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады және бақылау жасауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімнің және әкімдігінің қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
17. Функциялары:
1) аудан әкімдігінің және "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жұмысына талдау жүргізеді, аудан әкіміне, әкімдігіне және жоғары тұрған органдарға олардың сұраған мәселелері бойынша ақпарат беру;
3) аудан әкімінің, әкімдігінің, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
4) аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органында тіркеуді және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
5) "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізеді және осы мәселе бойынша аудан әкімін ақпараттандыру;
6) "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын, әкімдік отырыстарының, мәжілістердің, семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру;
7) әкім шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларын, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу;
8) әкімнің, әкімдіктің, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының актілерін тіркеуді және таратуды жүзеге асырады;
9) әкім және әкімдік жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жанындағы комиссиялардың қызметін қамтамасыз етеді;
10) аудан әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімінің және оның орынбасарларының мәжілістерін, бақылау күндерін, құқықтық жалпыға міндетті оқытуды және өзге де іс-шараларды дайындауды және өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады, материалдарды, мәжіліс хаттамаларын ресімдеу және таратуды жүзеге асырады;
11) ауданның мемлекеттік органдарымен және "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі арасындағы ұйымдастыру және ақпараттық байланысты жүзеге асырады;
12) әкімнің және әкімдік мүшелерінің кіріс құжаттарын уақытылы қарауын ұйымдастырады, олардың алғашқы өңделулерін, алдын-ала қаралуын, тіркелуін, сақталуын, есебін, жеткізілуін және таратылуын жүзеге асыру;
13) әкімнің, әкімдіктің, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді, сонымен қатар, құпия іс жүргізуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялық тәртіпті қамтамасыз ету;
14) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;
15) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-әрекетін ұйымдастыратын әкімдіктің ресми сайтын қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету;
16) "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрлар мониторингін жүзеге асыру;
17) "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды, тағылымдамадан өтуін, тәлімгерлікті, қызметін бағалауды ұйымдастыру;
18) Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды, конкурстық таңдауды, қызметте өсуін ұйымдастыру және жүргізу;
19) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
20) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін электрондық қызметтерді дамыту бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға көмек көрсету;
21) мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеуді және қарауды қамтамасыз етеді, әкімнің, әкім орынбасарларының және "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының азаматтарды жеке қабылдау жүргізулерін ұйымдастыру;
23) Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) Мемлекеттік органдармен дайындалған, әкім және аудан әкімдігінің актілер жобасы бойынша тұжырымдама дайындау және сараптама жүргізуді жүзеге асыру;
2) Аудан әкімінің және оның орынбасарларының, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмалары бойынша әкім және аудан әкімдігінің актілер жобасын дайындау;
3) Аудан әкімінің және оның орынбасарларының, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының актілерінін және тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуді ұйымдастыру және қатысу;
4) Аудан әкімінің және оның орынбасарларының, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмаларын орындамағаны немесе шалаорындағаны үшін жауапкершілігі тралы ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
3. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру
19. Аудан әкім аппаратына басшылықты, "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.20. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің регламентіне сәйкес "Е-4", "Е-5" санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерін және техникалық жұмысшыларды жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, бұйрықтарға қол қояды;
2) "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
3) "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
4) Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдайды және осы үшін дербес жауапты болады;
5) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа өкілдікті жүзеге асырады.
6) "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Әкімінің аппаратының мүлкі
22. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлік болуы мүмкін.23. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
24. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік комуналдық меншікке жатады;
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.