Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 04.08.2015 № 187 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Көкпекті аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 68 ұсынысы негізінде Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің бірінші бөлімі учаскісінде жабайы аңдар арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режим белгіленсін.
2. "Көкпекті мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры (Т. Сарманов) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (С. Мукашев), Қазақстан Республикасы экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қоғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (Г. Абдрасулова) отырып, тиісті шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Акимоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р. Сагандыков |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы | |
экономика ауыл шаруашылығы | |
министірлігі ветеринариялық бақылау | |
және қадағалау комитетінің Көкпекті | |
аудандық аумақтық инспекциясының | |
басшысы | С. Мукашев |
"05" 05 2015 жыл
"05" 05 2015 жыл