Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің бірінші бөлімі учаскісі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 107 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 маусымда № 3980 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 187 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 04.08.2015 № 187 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Көкпекті аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 68 ұсынысы негізінде Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің бірінші бөлімі учаскісінде жабайы аңдар арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. "Көкпекті мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры (Т. Сарманов) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (С. Мукашев), Қазақстан Республикасы экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қоғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (Г. Абдрасулова) отырып, тиісті шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Акимоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Сагандыков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      экономика ауыл шаруашылығы
      министірлігі ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетінің Көкпекті
      аудандық аумақтық инспекциясының
      басшысы С. Мукашев

      "05" 05 2015 жыл

      Қазақстан Республикасы экономика
      Министірлігінің тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің
      Көкпекті аудандық
      басқармасының басшысы Г. Абдрасулова

      "05" 05 2015 жыл      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады