РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабының 1 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Көкпекті аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3290 тіркелген, 2014 жылғы 25 мамырында № 43 аудандық "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Көкпекті аудандық мәслихатының регламентінде:
7 тармақ жана редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | Р. Беспаев |