РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарбағатай ауданының әкімі | Д. Оразбаев |
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 341 қаулысымен бекітілді |
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Тарбағатай ауданы аумағында мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.2. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Ы.Кабеков көшесі, 16.
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Тарбағатай ауданының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Тарбағатай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет, тілдерді қолдау, дамыту, дене шынықтыру және спортқа бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру.16. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды;
2) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолданады;
3) мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның беделін нығайтады, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемелекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды.
4) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
5) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
6) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
7) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
17. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстарды өткізуді жүзеге асырады;
3) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
4) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасайды;
5) аккредиттелген аймақтық және жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;
6) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамассыз етеді;
7) Тарбағатай ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
8) Тарбағатай аудан аумағында аудандық дене шынықтыру - спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
9) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
10) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
11) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
12) ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
13) Тарбағатай ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
14) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
15) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
16) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасызетедi;
17) Тарбағатай ауданы аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi және олардың халыққа қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi;
18) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
19) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
2. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.20. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімі қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;
6) Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік орган қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) "Ақсуат" мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.2) "Ақжар" мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
3) "М.Имашев атындағы балалар – жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4) "Б.Сайханов атындағы балалар – жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5) "Тұлпар" ұлттық спорт клубы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны.