Тарбағатай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 маусымдағы № 270 қаулысы

       "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27- бабына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тарбағатай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Тарбағатай ауданы әкімінің аппарат басшысы Е.Ескендировке жүктелсін.
      Аудан әкімі Д. Оразбаев

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "07" маусымдағы
№ 270 қаулысына қосымша

Тарбағатай ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекетттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 маусымдағы № 340 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 шілдедегі 4033 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашадағы "Тарбағатай" газетінің № 94-95 (7990) санында жарияланған).
      2. "Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекетттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 маусымдағы № 340 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қазандағы № 593 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 05 қарашадағы 4216 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашадағы "Тарбағатай" газетінің № 94-95 (7990) санында жарияланған).
      3. "Тарбағатай ауданынының ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 400 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 шілдеде 4077 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйектегі "Тарбағатай" газетінің № 75-76 (7971) санында жарияланған).
       4. "Тарбағатай ауданының мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 маусымдағы № 341 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 шілдеде 4032 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 05 қараша "Тарбағатай" газетінің № 87-88 (7983) санында жарияланған).
      5. "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, қаржыландыру және Тарбағатай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 29 қаңтардағы 4367 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 18 ақпандағы "Тарбағатай" газетінің № 16 (8015) санында жарияланған).
      6. "Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 маусымдағы № 338 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 шілдедегі 4031 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйектегі "Тарбағатай" газетінің № 71-72 (7967) санында жарияланған).
      7. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 маусымдағы № 339 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 4034 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 05 қарашадағы "Тарбағатай" газетінің № 87-88 (79-83) санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады