"Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 маусымдағы № 340 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 4033 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 маусымдағы № 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 07.06.2016 № 270 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 08.10.2015 № 593 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаев

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "08" маусымдағы
340 қаулысымен бекітілген

"Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Тарбағатай ауданы аумағында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі 13.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Мемлекет Тарбағатай ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Тарбағатай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: Тарбағатай ауданы аумағында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
      2) Тарбағатай ауданы аумағында сауда қызметін реттейді;
      3) туристік қызметті дамыту мәселелері жөніндегі мемелекет саясатының негізгі бағыттарын іске асырады;
      4) туристік қызметке жәрдемдеседі және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
      5) ауылда экономикалық реформаның негізгі бағыттарын орындауды және іске асыруды ұйымдастырады және осының негізінде аграрлық сектордың, оның даму тенденциясының перспективаларын анықтайды;
      6) нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымды құруға көмек көрсетеді, бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясат пен есепті жүргізеді;
      7) жеке меншік негізінде ауылда әр түрлі ұйымдық - құқықтық нысандарың дамуына және құрылуына көмек көрсетеді;
      8) ғылыми - техникалық үдерістің негізгі бағыттарын анықтайды және оларды іске асыру жолдары мен тәсілдерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды енгізуге көмек көрсетеді;
      9) Тарбағатай ауданы аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді.
      16. Бөлімнің функциялары:
      1) Тарбағатай ауданы аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
      2) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      3) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
      4) бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін дамыту үшін жағдай жасайды;
      5) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      7) Тарбағатай ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      8) Тарбағатай ауданы аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың жергілікті атқарушы органына береді;
      9) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
      10) Тарбағатай ауданы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      11) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
      12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
      13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн Қазақстан Республикасы
      заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
      14) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
      15) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзеді;
      16) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзеді және оны Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына береді;
      17) "Агроөнеркәсiп кешенiндегi үздiк кәсiп иесi" конкурсын өткiзеді;
      18) тиiстi өңiрде азық-түлiк тауарлары қорларын есепке алуды жүргiзеді және Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына есептiлiк ұсынады;
      19) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
      17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз ұзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Тарбагатайского района"

Постановление акимата Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области от 08 июня 2015 года N 340. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 15 июля 2015 года N 4033. Утратило силу - постановлением акимата Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области от 07 июня 2016 года № 270

      Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Тарбагатайского района"
      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области от 07.06.2016 № 270.
       Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Тарбагатайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение о государственном учреждении "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Тарбагатайского района.
      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области от 08.10.2015 № 593 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Тарбагатайского района Д.Оразбаев

  Утверждено
постановлением акимата
Тарбагатайского района
от 08 июня 2015 года № 340

Положение о государственном учреждении "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Тарбагатайского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Тарбагатайского района" (далее-Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет руководство в сфере предпринимательства и сельского хозяйства на территории Тарбагатайского района.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 071500, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Тарбагатайский район, село Аксуат, улица Абылайхана,13.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Тарбагатайского района".
      10. Учредителем Отдела является Государство в лице местного исполнительного органа Тарбагатайского района.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета Тарбагатайского района.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями отдела.
      13. Режим работы государственного учреждения Отдела устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2.Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия Отдела: обеспечение реализации основных направлений государственной политики в области развития предпринимательства и сельского хозяйства на территории Тарбагатайского района.
      15. Задачи Отдела:
      1) осуществляет государственную поддержку предпринимательства;
      2) регулирует торговую деятельность на территории Тарбагатайского района;
      3) реализовывает основные направления государственной политики по вопросам развития туристской деятельности;
      4) содействует туристической деятельности и создание благоприятных условий для ее развития.
      5) организовывает исполнение и реализацию основных направлений экономической реформы на селе и на этой основе определяет перспективы аграрного сектора, тенденции его развития;
      6) оказывает содействие в формировании рыночной инфраструктуры и организационных структур рыночного типа, проводит единую финансово-инвестиционную политику и учет;
      7) содействует развитию и становлению различных организационно-правовых форм хозяствования на селе на основе частной собственности;
      8) определяет и содействует внедрению основных направлений научно-технического прогресса, путей и методов их реализации, пропаганды достижений науки и техники;
      9) проводит мониторинг состояния продовольственной безопасности на территории Тарбагатайского района.
      16.Функции Отдела:
      1) создает условия для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории Тарбагатайского района;
      2) обеспечивает создание и развитие в регионе объектов инфраструктуры поддержки малого и среднего предпринимательства и инновационной деятельности;
      3) организует деятельность экспертного совета;
      4) создает условия для развития отечественного производства конкурентоспособных товаров, работ и услуг;
      5) осуществляет в пределах своей компетенции государственный контроль за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары;
      6) осуществляет организацию выставок и ярмарок;
      7) реализует государственную политику и осуществляет координацию в области туристской деятельности на территории Тарбагатайского района;
      8) осуществляет сбор, анализ и предоставляет в местный исполнительный орган области информацию о развитии туризма на территории Тарбагатайского района;
      9) разрабатывает и внедряет меры по защите районных туристских ресурсов;
      10) координирует деятельность по планированию и строительству объектов туристской индустрии на территории Тарбагатайского района;
      11) оказывает содействие в деятельности детских и молодежных лагерей, объединений туристов и развитии самодеятельного туризма;
      12) предоставляет туристскую информацию, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность;
      13) осуществляет государственную поддержку субъектов агропромышленного комплекса в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан;
      14) осуществляет государственную техническую инспекцию в области развития агропромышленного комплекса;
      15) проводит мониторинг развития сельских территорий;
      16) проводит сбор оперативной информации в области агропромышленного комплекса и сельских территорий и представляет ее местному исполнительному органу Восточно-Казахстанской области;
      17) проводит конкурс "Лучший по профессии в агропромышленном комплексе";
      18) ведет учет запасов продовольственных товаров в соответствующем регионе и представляет отчетность в местный исполнительный орган Восточно-Казахстанской области;
      19) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательства Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности Отдела:
      1) вносить на рассмотрение руководству района предложения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      2) в рамках компетенции, предусмотренной законодательством Республики Казахстан привлекать работников других отделов местных исполнительных органов района для рассмотрения и совместной разработки вопросов, касающихся деятельности Отдела;
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      4) запрашивать в рамках компетенции установленной законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций;
      5) давать консультации по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      6) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      7) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию Отдела.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Тарбагатайского района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Первый руководитель Отдела имеет заместителя, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия руководителя Отдела:
      1) в установленном законодательстве порядке назначает на должности и освобождает от должностей работников Отдела;
      2) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела;
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждает должностные инструкции работников Отдела;
      5) представляет интересы Отдела в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждает штатное расписание Отдела в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением акимата Тарбагатайкого района;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      24. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.