РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарбағатай ауданының әкімі | Д.Оразбаев |
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы " 08 " маусымдағы № 339 қаулысымен бекітілген |
"Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Тарбағатай ауданы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асырады.2. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071500, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Амангелді көшесі, 1.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Тарбағатай ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
11. Осы Ереже "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қызметін қаржыландыру Тарбағатай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Тарбағатай ауданының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
16. Міндеттері:
1) аудан аумағын абаттандыру және инженерлік дайындығы, құрылыс кешенінің дамыту және қалыптастыру болып табылады;
2) құрылыс саласында алдыңғы қатарлы технологиялардың, негізгі ғылыми – технологиялық бағыттарын енгізуге жәрдемдесу;
17.Функциялары:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
4) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
5) Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жерге тиісті құқық беру туралы шешiм, жобалауға бекiтiлген тапсырма, инженерлiк қамтамасыз ету мен коммуналдық қызмет көрсету көздерiне қосуға техникалық жағдайлар жасау және басқа да бастапқы материалдар (деректер) негiзiнде тапсырысшыға сәулет-жоспарлау тапсырмасын бередi;
6) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
7) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
8) құрылыс жүргізілетін және күрделі жөндеуден өткізілетін нысандардың сапасына бақылау жасау;
9) құрылыс нысандарына қатысты әртүрлі комиссиялардың жұмыстарына қатысу;
10) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
11) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау.
12) Тарбағатай ауданындағы құрылыс қызметін үйлестіру, құрылыс қызметі саласындағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын әзірлеп, келісуге қатысу;
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау;
8) ауданның тиісті мемлекеттік органдарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан және ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрастыру;
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.20. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
"Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.