РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 340 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4033 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С. Жақаев |