Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 02.09.2022 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негiзiнде Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Екпін ауылдық округiнің "Шымылдық" қыстағындағы мүйізді ірі кара малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б.Қажыкеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екпін ауылдық округінің әкiмi | Б. Сербатыров |
"КЕЛІСІЛДІ" Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы |
Б. Қажыкенов |