Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 08.09.2022 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 12 маусым № 361 ұсынысы негiзiнде Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Көкжыра ауылдық округiнің "Заманбек" күзегінде ірі кара малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Қажыкенов), тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкжыра ауылдық округінің әкiмi | Д. Жанат |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы "10" шілде 2015 жыл |
Б. Қажыкенов |