Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің 27.08.2022 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 22 маусымдағы № 381 ұсынысы негізінде, Жетіарал ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округiнiң "Мендеке" қыстағында мүйізді ірі қара малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетіарал ауылдық округінің әкiмi | С. Кажиекберов |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы "08" шілде 2015 жыл |
Б. Қажыкенов |