РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі | С.Зайнулдин |
ШКО Үржар ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 93 қаулысымен бекітілді |
"Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асырады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы № 141.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Үржар ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлікті, аграрлық секторын, өнеркәсіп, сауда және туристік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.15. Бөлімнің міндеттері:
1) ауылда экономикалық реформаның негізгі бағыттарын орындауды және іске асыруды ұйымдастырады және осының негізінде кәсіпкерлікті, аграрлық секторын, өнеркәсіп, сауда және туристік қызметін даму тенденциясының перспективаларын анықтайды;
2) нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымды құруға көмек көрсетеді, бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясат пен есепті жүргізеді;
3) жеке меншік негізінде ауылда әр түрлі ұйымдық - құқықтық нысандарың дамуына және құрылуына көмек көрсетеді;
4) ғылыми - техникалық үдерістің негізгі бағыттарын анықтайды және оларды іске асыру жолдары мен тәсілдерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды енгізуге көмек көрсетеді;
5) Үржар ауданы аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді.
16. Бөлімнің функциялары:
1) кәсіпкерлікті, аграрлық секторын, өнеркәсіп, сауда және туристік қызмет субъектiлерiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
2) кәсіпкерлікті, аграрлық секторын, өнеркәсіп, сауда және туристік қызметін дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiсін жүргiзеді;
4) кәсіпкерлік, аграрлық секторы, өнеркәсіп, сауда, туристік қызметі және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзеді және оны Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына береді;
5) тиiстi өңiрде азық-түлiк тауарлары қорларын есепке алуды жүргiзеді және Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органына есептiлiк ұсынады;
6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
7) Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлік және аграрлық қызметін, сауда, туристік қызметін және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
8) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi, аграрлық секторды, сауда, туристік қызметін және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
9) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
10) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
11) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
12) Үржар ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
13) Үржар ауданы аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың жергілікті атқарушы органына береді;
14) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
15) Үржар ауданы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
16) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
17) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үржар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын сектор меңгерушілері болады.
21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
6) Үржар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.