Үржар ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 261 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 заңының 27-бабына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 94 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3740 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 30 наурызда № 43-45 жарияланған);
      2) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 93 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3739 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 19 наурызда № 39-41 жарияланған);
      3) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 82 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3743 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 19 наурызда № 39-41 жарияланған);
      4) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 81 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3742 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 19 наурызда № 39-41 жарияланған);
      5) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 80 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3741 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 23 наурызда № 42 жарияланған);
      6) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 69 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3738 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 30 наурызда № 43-45 жарияланған);
      7) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21сәуірдегі "Үржар ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 69 "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 184 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 21 мамырда № 3953 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 04 маусымда № 73-74 жарияланған);
      8) Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі "Үржар ауданының әкімдігінің 2015 жылғы19 ақпандағы № 82 "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысынатолықтыру енгізу туралы" № 483 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 08 қазанда № 4164 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 05 қарашадағы № 141-142 жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысы Н. Қараталовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Үржар ауданының әкімі С.Зайнулдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады