Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Үржар ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-91/V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2822 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2013 жылдың 04 ақпанында 12 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 1 және 2 қосымшалардың тақырыптары келесі редакцияда жазылсын:
"Үржар ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрағасы | М.Калиев |
Үржар аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | М.Бітімбаев |