"Үржар ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-91/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 қарашадағы № 37-440/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 4266 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Үржар ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-91/V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2822 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2013 жылдың 04 ақпанында 12 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген 1 және 2 қосымшалардың тақырыптары келесі редакцияда жазылсын:
      "Үржар ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
      Сессия төрағасы М.Калиев
      Үржар аудандық
      мәслихаттың хатшысы М.Бітімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады