Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 тармағына сәйкес, 2015 жылғы 06 қазандағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бахты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бахты ауылындағы Қазақстанның 50 жылдығы көшесі - Ұлы Отан соғысының ардагері "Рамазан Алпысбаев" атындағы көшесіне қайта атауы өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Чушековқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бахты ауылдық округінің әкімі | Б. Сламбаев |