Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шемонаиха аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/8-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3242 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 сәуірде, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Шемонаиха аудандық мәслихатының регламентінде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Андронова |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |