"Шемонаиха аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/8-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 шілдедегі № 31/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамыздағы № 4101 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 29.06.2016 № 4/7-VI шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шемонаиха аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/8-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3242 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 сәуірде, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Шемонаиха аудандық мәслихатының регламентінде:
       7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г. Андронова
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады