"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2. 2014 жылғы 29 шілдедегі № 200 "Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 тіркелген, 2014 жылғы 9 тамыздағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) облыс әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ А. Мамытбеков 03.07.2015 жыл |
2015 жылғы 8 шілдедегі № 170 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына 1-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 | Күздік бидай |
2 | Күздік қара бидай |
3 | Арпа |
4 | Майлы дақылдар |
5 | Картоп |
6 | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы өсірілетін картоп |
7 | Көкөніс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда) |
8 | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы өсірілетін көкөніс-бақша дақылдары |
9 | Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) |
10 | Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында |
11 | Күнбағыс және сүрлемдік жүгері |
12 | Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністер |
13 | Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністер |
2015 жылғы 8 шілдедегі № 170 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына 2-қосымша |
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
2-қосымшаның жалғасы |