РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар);
2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
3) 55 жастан асқан жұмыссыз ерлер;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының түлектері;
5) он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
6) отбасында бірде бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
7) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (алғаш жұмыс іздеушілер).
2. "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 70 "Ақжайық ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген, 2015 жылы 3 наурыздағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары М. Жұматоваға тапсырылсын.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Жоламанов |