Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы "Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 532 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 447 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 4629 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы", Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 532 "Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4243 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуы "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Т.Қайрекеевке) жүктелсін.
      3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы (С. М. Бакманов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә.Жоламанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады