Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Ж. Каналин |
2015 жылғы 16 ақпанындағы № 101 Бөрлі ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңталары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090300, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі, 60/1 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
13. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттік кірісіне жіберіледі.
2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Бөрлі ауданының аумағында ауыл шаруашылығы салаларының функцияларын жүзеге асыру болып табылады.15. Міндеттері:
1) ауыл шаруашылығы саласында Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы билік органның қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық–талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау және жаюдың ережелерін әзірлеу;
5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілік ұсыну;
7) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
8) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;
10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
11) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
12) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
13) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
14) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тіркеу белгiлерiн бере отырып, тіркеу, қайта тіркеу;
15) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
17) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдау, қорыту және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар ету;
19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
20) асыл тұқымды мал зауыты,асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу;
21) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастыру;
22) өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды, өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (әкімдік) белгілеген нысан бойынша сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұрату және алу;
23) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу;
24) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға (әкімдік) ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсыну;
25) Қазақстан Республикасының "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 9-бабына сәйкес комиссия құру;
26) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) заңнамаларда белгілен тәртіппен, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданың ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттер.
3. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған тәртіппен Бөрлі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлім" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіліктері:
1) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәселелерін шешеді;
6) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
9) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.