"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Рахымжанов |
2015 жылғы 16 қаңтардағы № 5 Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік даярлаудан өткен адамдар;2. Жас отбасында бір де бір жұмыс істемейтін адамдар;
3. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға үш жыл қалған);
4. Елу жастан асқан адамдар;
5. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
6. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар.