"Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 26 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 3841 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 26.04.2017 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. 2014 жылғы 31 қазандағы № 190 ""Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Бөкей ордасы ауданы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3680 тіркелген, 2014 жылғы 15 қарашада, 2014 жылғы 22 қарашада, 2014 жылғы 29 қарашада "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. М. Зұлқашевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Рахымжанов

  2015 жылғы 26 ақпандағы № 26
Бөкей ордасы ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесі, № 31 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Бөкей ордасы ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы саласында Бөкей ордасы ауданының жергілікті атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
      6) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгіне) есептілік ұсыну;
      8) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзуді жүзеге асыру;
      12) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүзеге асыру;
      13) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысшы орган ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      14) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
      2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттер.

3. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған тәртіппен Бөкей ордасы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылым мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
      20. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамаларда белгіленген тәртіппен "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәселелерін шешеді;
      6) "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района"

Постановление акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 26 февраля 2015 года № 26. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 11 марта 2015 года № 3841. Утратило силу постановлением акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 26 апреля 2017 года № 58

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 26.04.2017 № 58 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района".
      2. Государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления, в соответствии с действующим законодательством.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Бокейординского района от 31 октября 2014 года № 190 "Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Бокейординского района"" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3680, опубликовано 15 ноября 2014 года, 22 ноября 2014 года, 29 ноября 2014 года в газете "Орда жұлдызы").
      4. Государственному учреждению "Аппарат акима Бокейординского района" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Зулкашева Р. М.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района Н. Рахимжанов

  Утверждено
постановлением акимата
Бокейординского района
от 26 февраля 2015 года № 26

Положение о государственном учреждении
"Отдел сельского хозяйства Бокейординского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" является государственным органом Республики Казахстан осуществляющим руководство в сфере агропромышленного комплекса и сельского хозяйства.
      2. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношении от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 090200, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, Бокейординский район, село Сайхин, улица Т. Жарокова, дом № 31.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района".
      Если государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района"

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" осуществление функции в отрасли сельского хозяйства на территории Бокейординского района.
      14. Задачи:
      1) качественная и своевременная информационно-аналитическая поддержка и организационно-правовое обеспечение деятельности местного исполнительного органа власти Бокейординского района в сфере сельского хозяйства;
      2) реализация государственной политики в области информационного обеспечения, предоставлении государственных услуг;
      3) осуществление иных задач, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      15. Функции:
      1) осуществление государственной поддержки субъектов агропромышленного комплекса в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и другими нормативными правовыми актами в данной сфере;
      2) осуществление государственной технической инспекции в области развития агропромышленного комплекса;
      3) проведение мониторинга развития сельских территорий;
      4) разработка правил содержания и выпаса сельскохозяйственных животных в населенных пунктах;
      5) организация проведения идентификации сельскохозяйственных животных в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, строительства, содержания и реконструкции скотомогильников (биотермических ям);
      6) проведение сбора оперативной информации в области агропромышленного комплекса и сельских территорий и предоставление ее местному исполнительному органу (акимату) области;
      7) ведение учета запасов продовольственных товаров в соответствующем регионе и представление отчетности в местный исполнительный орган (акимат) области;
      8) проведение конкурса "Лучший по профессии в агропромышленном комплексе";
      9) осуществление государственной регистрации тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      10) осуществление государственной регистрации залога тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      11) осуществление ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      12) осуществление приема экзаменов и выдачи удостоверений на право управления тракторами и изготовленными на их базе самоходными шасси и механизмами, самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами, а также специальными машинами повышенной проходимости;
      13) организует и осуществляет в качестве рабочего органа работу межведомственной комиссии по выплате субсидии в области сельского хозяйства, в установленном законодательством порядке;
      14) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) соблюдать законодательство Республики Казахстан;
      2) уплачивать налоги и другие обязательные платежи в бюджет в установленном законодательством порядке;
      3) нести ответственность в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
      4) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      5) пользоваться информационными банками данных, имеющимся в распоряжении государственных органов;
      6) вести служебную переписку с государственными органами и негосударственными учреждениями и организациями по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района";
      7) иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района"

      17. Руководство государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом Бокейординского района в порядке предусмотренном действующим законодательством.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" может иметь заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан в пределах утвержденной структуры и лимита штатной численности.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района":
      1) организует и руководит работой государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района", несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" задач и осуществления им своих функций;
      2) определяет обязанности и полномочия работников государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района";
      3) ведет работу по борьбе с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в этом направлении;
      4) в соответствии с действующим законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района";
      5) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения и снятия дисциплинарных взысканий на работников государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района";
      6) утверждает должностные инструкции работников государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района";
      7) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      8) представляет государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" в государственных органах и иных организациях;
      9) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое использование бюджетных средств;
      10) в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществляет и другие полномочия.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района"

      22. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района"

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бокейординского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.