Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының бас маманы (Н.Бисекенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Ж.Айтқалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөкей ордасы ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Р.Зұлқашев |
Бөкей орасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 58 қаулысына қосымша |
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" №191 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3681 тіркелген, 2014 жылғы 15 қарашада "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған);2. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы ""Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" №26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3841 тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған);
3. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы ""Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" №27 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3842 тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған);
4. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4481 тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған).