1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. М. Зұлқашевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Рахымжанов |
2015 жылғы 26 ақпандағы № 27 Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Орда көшесі, 32 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.14. Міндеттері:
1) адам және жануарларға ортақ аурулардан денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру және ақпарат алмасуды жүргізу;
2) аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық шараларының жүргізілуін ұйымдастыру.
15. Функциялары:
1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
3) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
5) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
8) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргiзiлгеннен кейін тиiстi аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
13) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
14) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
15) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
16) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс–шаралар өткізуді ұйымдастыру;
18) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай–ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс–шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
21) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
22) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс–шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
23) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
25) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық–санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
26) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
27) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
28) мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің орындау үшін міндетті актілерін шығару;
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттер.
3. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Бөкей ордасы ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылым мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
20. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәселелерін шешеді;
6) "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;
9) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
10) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағытта дербес жауап береді;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.