1. Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылының "Қазақ ССР 60 жылдық" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі деп қайта аталсын.
2. Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А. Жақсыбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Е. Еслямгалиев |